Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 13 Желтоқсан, 2018

Алматыда «Қызғалдақтар атамекені» атты фильмнің тұсаукесері өтті

12 желтоқсан күні ҚР Ұлттық кітапханасында «Қызғалдақтар атамекені» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Фильмнің авторы жəне режиссері - Олег Билялов. Деректі фильм «Мерген» студиясының қатысуымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тау­ла­рының етегінен әлі күнге дейін жер­гілікті өсімдіктер әлемінің жауһары са­на­латын Регель қызғалдақтарын бас­тап­қы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсім­діктер біздің жерімізде Тянь-Шань тау­ларының етегі мен шөлейт даланың түйі­сер тұсында пайда болған. Қазақ то­пырағындағы осынау қарапайым, сон­дай-ақ, ерекше гүлдер өз әдемілігімен көп­теген халықтың жүрегін жаулап, бір­­­тіндеп бүкіл әлемге тарады» - дейді қызғалдақтар жайында. Қазақ топырағының асыл жауһарына айналған əсем гүлдердің тарихы мен табиғи ерекшелігі жайлы кеңінен мағлұмат беретін фильм жайлы «Қазақ газеттерінің» түсірілім тобына автордың өзі баяндап берді.

Олег Билялов, режиссер:

Деректі фильм көрсетілімінің алдында «Қазақфильм» киностудиясының президенті Бақыт Қайырбеков режиссердің бірінші туындысы «Алтынемел» бойынша Қытайдың Тайчжоу қаласында өткен кино мен туризм саласындағы Азия өнері апталығында үздік шетел деректі фильмі аталымында алған марапатын табыстады. Аталмыш деректі туындының көрсетілімі Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының отандық документалистика саласының майталмандары түсірген деректі фильмдердің дəстүрлі көрсетілімі аясында ұйымдастырылып отыр.

«Деректі фильмдер және киношежіре» шығармашылық-өндірістік бірлестігінің редакторы Динара Дәулетқызы Масакова:

 

 

Гаухар Түстікбаева

Бейнематериалды əзірлеген: Əлихан Жанарбек
   

40010 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз