Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 24 Желтоқсан, 2018

Алматыда «Бизнес по по-казахски в Африке» комедиясының тұсаукесері болып өтті

Алматыда , 23 – желтоқсан күні "Bekmambetov Cinema (Globus)" кинотеатрында режиссер Анвар Матжановтың «Бизнес по по-казахски в Африке» комедиясының тұсаукесері болып өтті.

Әзіл-қалжыңға құрылған тың туындыда басты рөлді Нұрлан Қоянбаев, Жан Байжанбаев, Қажет Смағұлов пен Гүлназ Жоланова сомдайды. Комедияда Жомарт есімді жігіт өзінің сүйіктісі Айсұлумен бірге  бал айын ең әдемі де ғажайып қалада өткізгісі келеді..Бұл киноның ерекшелігі Жомарт бал айын туысқандармен де өткізгісі келетінің айтып жұбайы Айсұлу  киноның соңына дейін Жомартқа қасарысумен өтеді.Ал, Жомарттың туысқандарының ақша табуға деген құмарлығы жаңа бизнес идеяларын алып келе береді. Жомарттың көмекшісі Ален кениялық кәсіпкермен танысып, тың идеяларды ортаға салады. Кениялық ханзада оның елінде шайдың бағасы тым арзан екенін айтады. Ақылды кейіпкерлер кениялық шайды сатып алу үшін əдеттегідей ерекше жоспар құрады. Демалыстың да шырқын бұзбай, əрі ақша да жасап алу үшін еркектер компаниясы əйелдер қауымын қалдырып, өздері Найробиге ұшады. Түрлі шиеленістер мен келеңсіздіктер, шытырман оқиғалар, көрерменді күлкіге қарық қылатын сюжеттер Найробиде орын алады.

           

«Бизнес по по-казахски в Африке» комедиясы  еліміздің кинотеатрларында 27 желтоқасаннан бастап көрсетіле бастайды.

 

38764 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз