Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Қаңтар, 2019

Наркескен: «Ұлттық санақтың саяси, тарихи-әлеуметтік маңызы»

Бүгін  «Ұлттық кітапхананың» «Кітапхана тану» залында «Қазақ газеттері» жауапкершілігі серіктестігі жанынан құрылған «Наркескен» - интеллектуалдық-пікірсайыс клубының келесі  отырысы өтті. Үшінші отырыстың тақырыбы «Ұлттық санақтың саяси, тарихи-әлеуметтік маңызы» деп аталды. Дөңгелек үстелге саясаттанушылар, тарихшылар және демограф мамандар, сонымен бірге Алматы қаласы Статистика департаментінің мамандары шақырылды. Жиынға қатысушылар Қазақстан тәуелсіздігін алғалы 3-рет өткізілгелі отырған халық санағының ел дамуындағы алатын орны, алдыңғы екі санақтың тарихи, саяси маңызы қандай болды, уағында қандай кемшіліктерге жол берілді,  биылғы санақтың ерекшелігі туралы мәселелерге тоқтылапы, өз ойларымен бөлісті. Айта кетейік,  Тәуелсіз Қазақстан тарихында бұған дейін екі санақ өтті. Алғашқысы – 1999 жылы, тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы 8 жылда қатарымыз сиреп, 1989 жылмен салыстырғанда 7,7 пайызға кеміген екенбіз, халық саны 14 953 100 адамға жеткен. 2009 жылғы санақ нәтижесі бойынша, халық саны – 16 004 800 адамға жетіп, 1999 жылмен салыстырғанда, 6,8 пайызға артқан. Естеріңізге салайық, биылғы санақ күз мезгілінде  өткізу жоспарланып отыр. Ол үшін 2019-2021 жылдың республикалық бюджетінде ұлттық санаққа 8,8 миллиард теңге бөлінген. «Наркескен» - интеллектуалдық-пікірсайыс клубының «Ұлттық санақтың саяси, тарихи-әлеуметтік маңызы» деп аталған дөңгелек үстелінің толық нұсқасын алдағы уақытта «Ана тілі» апталығының №4 санынан оқи аласыздар.

Ақбота МҰСАБЕКҚЫЗЫ, Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ (фото) Әлихан ЖАНАРБЕК (видео)

40944 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз