Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 18 Қаңтар, 2019

Ұлы Жібек жолы - өткеннің іздері мен болашақтың көкжиегі

Әлемдік өркениет тарихында ерекше орын алатын адамзат құндылығы – Ұлы Жібек жолы жайлы жазылған зерттеулер мен түсірілген фильмдер аз емес. Дегенмен,  ен далада ғұмыр кешкен көшпенділер мәдениеті мен тұрмыс тіршілігі Жібек жолымен біте қайнасып, ажырамас бөлігіне айналғаны, сондай-ақ, ғаламдық өркениетке үлес қосқан қазақ халқының баға жетпес мәдени мұрасы турасында көлемді зерттеулер көп кездесе бермейді.  17 қаңтар күні ҚР Ұлттық кітапханасының Е.Тұрсынов киноклубында «Ұлы Жібек жолы - өткеннің іздері мен болашақтың көкжиегі» атты тың деректер мен ауқымды ақпараттардан құрылған деректі фильмнің және Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциядан осы аттас мақалалар жинағының тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды kazgazeta.kz тілшісі.

Жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылған. Деректі фильмді дайындаған «Қорқыт» қоғамдық қоры.

Дина Мейірбекова, «Қорқыт» қорының директоры, музыкант:

-Біздің қордың мақсаты - қазақ мәдениетін, соның ішінде қазақ музыкасын насихаттау, халықтар арасындағы мәдени диалогқа және өзара түсіністікке жәрдемдесетін түрлі мәдени бастамаларды жүзеге асыру, қор 2001 жылы құрылған. Деректі фильмге келер болсақ, бұл тақырыпқа келуімнің себебі, түсімде аян болып келді. Кейін жобамызды Президент қорына ұсынып, грант жеңіп алдық. Былтыр жарты сағаттық бірінші бөлімі жарық көрген болатын. Биыл жарыққа шыққанекінші бөлімі 1 сағат көлемінде болды. Фильмде еліміздің және шетелдің атақты зерттеушілері, археологтар, қолөнершілер мен музыканттар қатысып, сұхбат берді. Мен музыкантпын, анам қобызшы болған және үш ұлыма да осы өнер дарыған. Сондықтан да болар, біздің фильмде ғасырларды жалғастырған музыка өнеріне ерекше орын беріледі.  Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы Қазақстанның өркениет тарихының сабақтастығын қадағалаудың маңыздылығы туралы негізгі ойлары «Ұлы Жібек жолы» деректі фильмінде көрініс тапқан.

«Ұлы Жібек жолы - өткеннің іздері мен болашақтың көкжиегі» деректі фильмін түсіруші шығармашылық топ жобаны дайындау барысында көптеген тарихи маңызы зор деректер фильмге сыймай қалғанын, сондықтан да алдағы уақытта фильмнің  жалғасы болатынын айтады.

Деректі фильм жайлы толығырақ бейнематериалдан тамашалыңыздар.

  Әсел Амаргазиева "Есік" қорық-музейінің ғылыми қызметкері

Гауһар Түстікбаева

Бейнематериалды әзірлеген: Жанарбек Әлихан

 

39746 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз