Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Ақпан, 2019

Медицинадағы бенчмаркетинг – өзге елдердегі үздік тәжірибелерді меңгеру.

Бүгіннен бастап Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен шетелдің жетекші мамандарының,  еліміздегі медициналық білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен  «Заманауи медициналық білім беру саласындағы сапа, үздіксіз жетілдіру және бенчмаркетинг» тақырыбында халықаралық семинары басталды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау жүйесінде еліміздегі білім беру сапасын жетілдіру, жаңа технологиялық даму барысындағы заманауи жетістіктерді медицина саласында тәжірибеге енгізу, сондай-ақ, Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарында білім беру бағдарламаларын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған семинарға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев, «Ұлттық Медицина Университеті» АҚ ректоры Нұрғожин Талғат Сейтжанұлы, «ҚДСЖМ» Қазақстандық Медицина Университетінің ректоры Ауэзова Алма Мұхамбетжанқызы және басқа да денсаулық сақтау саласының үздік мамандары қатысты.

Негізгі спикерлер ретінде Малайзиялық маманддар - International Medical University «IMU» білім  жөніндегі  проректоры профессор Вишна Деви Надаража ханым Open Health debate Open / HEP IPTS Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық пікір-сайыс бойынша кеңесші және IMU медицина факультеті деканының орынбасары, фармакология профессоры және Малайзиялық біліктілік агенттігінің (MQA) медициналық бағдарламаларды аккредитациялау бойынша топ мүшесі доктор Азизи Айоб баяндама жасады.

   

Вице-министрдің айтуы бойынша: «Шетелдік теория мен қолданбалы тәжірибені енгізуді үздіксіз жүргізіп отыру қажет. ЖОО-да білім беру тек теориялық тұрғыдан емес, тәжірибелік жұмыс қатар жүргізілуі қажет. Литвалық медицина тәжірибесінде әрбір науқастың клиникалық белгілеріне қарай емдеу жұмыстары жүргізіледі. Бенчмаркетинг – өзге елдердегі үздік тәжірибелерді алу»,  - деді.

Ал, IMU Академиялық проректоры, денсаулық сақтау саласындағы ұлттық пікір-сайыс бойынша кеңесші Вишна Деви Надаража қазақстандық студенттер жайлы:  «Менің ойымша, бүкіл елдерде студенттер бәрі бірдей. Ал, егер біз медицина студенттерін алатын болсақ, олар бір күндік шешім қабылдамайды. Медицина университетіне түсу үшін әжептәуір уақыт ойлану керек. Салмақты шешім қабылдайды деген ойдамын. Сіздер өздеріңіздің студенттеріңізбен мақтан тұта аласыздар. Олар тек қана оқып қоймай, басқа да студенттермен тіл табыса алады. Қазақстандық студенттер Малайзияда да жақсы оқиды. Себебі, олар Мьянмада Тайландтың, Сингапурдың басқа студенттерімен араласады және оған адаптация жасайды» - деді.

Аталған семинар-тренинг 4-6 ақпан аралығында үш күн қатарынан өтеді.  Шара барысында қазіргі заманғы білім берудің өзекті мәселелері – сапа философиясы, оқытушының рөлі мен құзыреттілігі, бағалау әдістері және т.б. қарастырылады. Сонымен қатар, семинар спикерлері, профессор Вишна Деви Надаража және Доктор Азизи Айоб фокус-топтарда жұмыс істеу кезінде медициналық жоғары оқу орындарында жеке консультациялар мен кездесулер барысында сапаны қолдау мәселелерінде әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.

Гауһар Түстікбаева

Бейнематериалды әзірлеген:

Әлихан Жанарбек

 

38882 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз