Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Ақпан, 2019

Мақпал Мыса. «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы

Биылғы жылы екінші рет ұйымдастырылған «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңдегі жеңімпаздары қатарында алғаш рет әдебиет саласынан таңдау жасалынды. Сырлы лирикалық поэзиясымен ерекшеленген жас ақын, жазушылар мен журналистер Одағының мүшесі, аудармашы Мақпал Мыса 2500 үміткердің ішінен үздік шыққанына баршамыз куә болдық. 29 жеңімпаздың қатарына іліккен Мақпал өзіне дауыс беріп, поэзиясын құрметтеген өлең сүйер оқырмандарына жүрекжарды алғысын білдіреді. Бұл жоба оған өзгеше шабыт сыйлап, өзіне деген сенімділігін арттыра түскендігін айтады. Толығырақ, Мақпалдың сұхбатын «Үркер» журналының жаңа санынан оқи аласыздар. Елбасының жүрегін елжіреткен Мақпалдың өлеңін бейнематериалдан тамашалаңыздар.

Мақпал Мыса. «Алыстама!»

Гүлшат Базарбекова

Мақпалдың мектептегі ұстазы, «Білім беру ісінің үздігі».

Гауһар Түстікбаева,

Бейнематериалды әзірлеген: Әлихан Жанарбек.

41706 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз