Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Наурыз, 2019

Galaxy S10 жаңа флагмандық құрылғыларының тұсаукесері өтті

Samsung Electronics компаниясы көктемнің алғашқы күні Алматы қаласындағы тұтынушыларының назарына өзінің жаңа телефон модельдерін ұсынды. Esentai Mall сауда орталығында  Galaxy S10 жаңа флагмандық құрылғыларының ресми сатылым алдындағы таныстырылымы өтті.  Тұсаукесерде компанияның өкілдері жаңа өнімнің технологиялық ерекшеліктерін көрсетті, сондай-ақ қонақтар арасында бірнеше Galaxy S10 смартфондарының ұтыс ойындары өткізілді.

Іс-шараға IT-сарапшылар, бизнесмендер, суретшілер, дизайнерлер, журналистер және танымал блогерлер қатысты. Қонақтарға Galaxy S10 смартфондарының техникалық мүмкіндіктерін тексеруге мүмкіндіктер жасалды.

Жаңа өнімдердің арасында Galaxy S10 негізгі моделі, 1 Тбайт ішкі жады бар керамикалық Galaxy S10 +  кеңейтілген моделі, сондай-ақ жалпақ экранды Galaxy S10e модельдері  болды.

Galaxy S10 Dynamic AMOLED-экраны - бүгінгі таңда әлемдегі саусақ ізін оқитын экранға ультрадыбыстық сканер орнатылған ең жақсы дисплей. Қазақстанда смартфондарға алдын ала тапсырыс беру накқаны басталды және ол 6 наурызға дейін созылады. Алдын-ала тапсырыс бойынша жаңа өнімдердің бірінші иелері Galaxy Buds сымсыз құлаққаптарына ие болады, бұл үшін сіз ресми веб-сайтта көрсетілген мөлшерде алдын-ала төлем жасауыңыз керек. Жаңа құрылғылар елімізде ресми сатылымға 8 наурыздан бастап шығады.

Толығырақ, бейнематериалдан тамашалаңыздар.

   

Гауһар Түстікбаева,

Бейнематериалды әзірлеген: Әлихан Жанарбек.

 

39961 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз