Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 29 Наурыз, 2019

Әлеуметтің армандарын орындауға негіз болатын «Арман Картасы» фильмі жарыққа шығады

«Qaz Media Group Company» компаниясы серіктестерімен бірлесіп, «Арман картасы» атты жаңа отандық көркем фильмді жарыққа шығарады.

2019 жылдың 1 сәуірінде фильмнің жабық көрсетілімі өтеді, ал 4 сәуірден бастап кинокартина еліміздің кинотеатрларында прокатқа шығады. Фильмнің режиссері – Мирас Төлеуханов, продюсері – Амангелді Әубәкіров.

Көркем фильмдегі негізгі оқиға есепсіз дүниеге ие болып, қиындықты білмеген олигархтың ерке ұлының жүгенсіз, еркін өмірінен басталады. Әкесі ойламаған жерден орға жығылып, темір торға тоғытылған соң, баласының да жағдайы қиындай түседі. Орта жолдан көмек қолын созып, өз болашағының арман картасын құрған бойжеткен  жас жігіттің тағдырын жаңа арнаға бұруына себепкер болады. Жүректе имандай сенім болса, армандар орындалатынына көз жеткізеді. Жастардың күш-жігерін қайрап, арманға қол жеткізуде ерекше мотивация беретін жаңа кинотуынды алдағы уақытта көрерменге жол тартады.

Көркем фильмнің құрылтайшылары бұрын-соңды қазақ киноиндустиясында болмаған ерекше жомарттық танытып отыр.  «Қаз Медиа Групп» компаниясы мен фильмді түсіруге қолдау көрсеткен серіктес компаниялары басшыларының ортақ шешіміне сәйкес, «Арман картасы» фильмі билеттерінің сатылымынан түскен қаржының 80% -ы «Әлеуметтік тұрғын үй Орталығына» жіберіліп, қоғамдағы әлеуметтік жағдайы төмен: көпбалалы отбасылар; жалғызбасты аналар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; мүмкіндіктері шектеулі отбасылар; 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер; жас отбасылардың баспана алуына көмек ретінде жұмсалады.

Фильмнің шығармашылық тобымен толығырақ бейнематериалдан таныс болыңыздар.

Гауһар Түстікбаева.

Бейнематериалды әзірлеген: Әлихан Жанарбек.

41449 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз