Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 10 Сәуір, 2019

АЛМАТЫДА X «БҮГІНГІ ФРАНЦУЗ КИНОСЫ» КИНОФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

Бүгін Алматыдағы «Арман» киноорталығында Х «Бүгінгі француз киносы» фестивалінің ашылуына арналған баспасөз конференциясы өтті.

11-14 сәуір аралығына жоспарланған кинофестиваль екі ел арасындағы мәдени байланысты дамытып, қазақстандық көрермедерге жаңа француз киноларын тамашалуға мүмкіндік береді.

Unifrance компаниясының вице-директоры Жоэль Шапрон:

- 10 жыл бойы сіздермен бірге болғанымызға қуаныштымын. Мен бұл қаламен тығыз байланыстамын. Бауыржан екеуіміз осындай фестиваль өткізу туралы идеяны алғаш ұйымдастырған кезде бұл дәстүрлі түрде жалғасын табады деп ойлаған жоқпыз және мен француз киносы осындай жетістікке жететініне сенбедім. Өйткені 10 жыл бұрын қазақстандық кинематография нарығы мүлдем басқа дәрежеде еді, - деді.

.  Шараны ұйымдастырушылар әсіресе, прокатқа байланысты, себебі, Франциядан тікелей сатып алушылар мәскеуліктер екенін және де бұл мәселеде Қазақстан Ресей кинонарығына тікелей тәуелді екенін тілге тиек етті.

 «Арман» киноорталығының директоры Бауыржан Шүкенов:

- Біздің фестиваліміз осымен 10-ыншы рет сәуір айында басталды. Биыл оны өткізу үшін біз көп тер төктік, әдеттегідей прокатқа енді шыққан ең жаңа туындыларды көрсетуге тырысамыз, ауқымды қысқа метр бағдарламасы болады, ал жаңа дүниелерден – Unifrance компаниясының вице-директоры Жоэль Шапронның Франциядағы кеңестік киноның тарихы туралы қызықты дәрісін ұсынбақшымыз, - деп биылғы фестивальдің ерекшелігін атап өтті.

Алайда, Жоэль Шапрон халықаралық шараны ұйымдастыру мәселесі жылдан жылға күрделенуіне байланысты бұл биыл Қазақстанда өткізіліп отырған соңғы фестиваль болуы мүмкін деген болжамын айтты.

 Биылғы фестивальдің бағдарламасы:

11 сәуір, «Сирано. Тұсаукесерге дейін үлгеру» (биографялық-тарихи)

Режиссер: Алекси Мишалик. Рөлдерде: Тома Соливерес, Оливье Гурме, Матильда Сенье, Том Лееб, Люси Бужена, Алис де Ленксен.

12 сәуір, «Аманданың жаңа өмірі» (мелодрама)

Режиссер: Микаэль Эрс. Рөлдерде: Венсан Лакост, Изор Мюлтье, Стэйси Мартин, Офелия Кольб, Мариан Балер.

12 сәуір, «Нәзік заң өкілі» (комедия)

Режиссер: Пьер Сальвадори. Рөлдерде: Адель Энель, Пио Мармай, Венсан Эльбаз, Дамьен Боннар, Одри Тоту.

13 сәуір, лекция «Франциядағы кеңестік киноның тарихы: 1917-1991» дәрісі

13 сәуір, «Таңсәрідегі уәде» (драма)

Режиссер: Эрик Барбье. Рөлдерде: Шарлотта Генсбур, Пьер Нине, Дидье Бурдон, Жан-Пьер Даруссен.

13 сәуір, «Адал жан» (мелодрама)

Режиссер: Луи Гаррель. Рөлдерде: Луи Гаррель, Летиция Каста, Лили-Роз Депп, Жозеф Анжель.

14 сәуір, Қысқа метр.

14 сәуір, «Казанованың соңғы махаббаты» (мелодрама)

Режиссер: Бенуа Жако. Рөлдерде: Венсан Лендон, Стейси Мартин, Валерия Голино, Жюлия Руа, Нэнси Тейт.

Ертең, яғни 11 сәуір «Арман» кинотетрында Х «Бүгінгі француз киносы» фестивалі салтанатты ашылады. Сонымен қатар, шараның құрметті қонағы «Васаби», « Такси» және басқа да көпшіліктің көзайымына айналған фильмдердің режиссері Жерар Кравчик болмақ.

 

Гауһар Түстікбаева

Бейнематериалды дайындаған: Әлихан Жанарбек

38719 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз