Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Қазан, 2019

«Бекзат» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті

Алматыдағы  Есентай Молл сауда орталығының «Кинопарк»   кинотеатрында  «Бекзат» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті.

Картина жасындай жарқ еткен жұлдыздың чемпион атанғанына және дүниеден өткеніне 20 жыл толуы қарсаңында жарық көрді. Чемпионның өмірі мен спорттағы жетістігін суреттейтін фильм «Хабар» агенттігінің тапсырысымен түсірілген.

Көрсетілімге  боксшының жақындары мен спорт саңлақтары, Бекзаттың ата-анасы Сейілхан Саттарханұлы мен Сәттігүл Шойбекова Түркістаннан арнайы келді.

«Ұлттық рухы мықты елдің еңсесі әр уақытта биік болады. Менің намысым –  қазақтың намысы, менің жеңісім – қазақтың жеңісі»  деген Бекзат.

«15 жасында бокс әлемінен бастап 20 жасында Олимп шыңын бағындыру екінің қолынан келе бермейді.Оны спорт майталмандары, бокс ардагерлері жақсы біледі. Фильм өте қызық. Бекзаттың өмірінен алынған. Біздің сөзімізбен  және кітаптардан құрыстырылған көркем фильм Бекзаттың өзін  суреттейді»,  – дейді Сейілхан аға.

Ал басты рөлді сомдаған Самат Әзімқұлов Бекзат туралы фильмді бала кезден арман еткен:

«Бекзат менің бала күнімнен кумирім десем де болады. Ол жайлы фильм түсірілсе деген кішкентай кезгі арманым еді. Бекзат ағамыз чемпион болғаннан кейін мен де спортқа қызыға бастадым. Он жылдай кикбоксингпен айналыстым. Фильмге режиссер Мұрат Бидосов ағамыз шақырды. Түсірілім жұмыстары екі жарым айға созылды. Түркістан, Алматы, Тараз қалаларында, Түркия, Австралия елдерінде түсірілді», - дейді актер Самат Әзімқұлов.

Толық метрлі картина осы күзде еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі деп жоспарланған.

Толығырақ бейнематериалдан тамашалаңыздар

 

Жанарбек Алихан

39015 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз