Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Қазан, 2019

Димаш Құдайбергеннің «DQ Музыка жұпары» парфюмі жарыққа шықты

Ғажайып өнерімен әлемді өзіне қаратқан қазақ баласы Димаш Құдайберген жанкүйерлерін тағы бір жаңалығымен қуантты. Енді халық әншінің әсем әндерін тыңдап қана қоймай, «DQ Музыка жұпары» деп аталатын иіссуын да пайдалана алады.

12 қараша күні Алматы қаласында  Димаш Құдайбергеннің "DQ Scent of Music" парфюмериясының ресми тұсаукесеріне арналған салтанатты шара өтті. Аталған шараға әншінің ата-анасы Канат және Светлана Айтбаевтар, француз парфюмері Vincent Chevalier , жаңа брендке арналған компанияның  директоры Дәулет Омарқұлов, Қазақстанның эстрада жұлдыздары Сәкен Майғазиев, «Меломен» тобы, Alem Band және өзге де өнер иелері қатысты.

Бүгінде әлемге танымал тұлғалардың өзіне тән жеке брендтерін шығару дәстүрге айналған үрдіс. Осы мәселе жайлы Димаштың да отбасы ойлана келе былтыр шәй шығарса, биылғы жылы жаңа иіссуді шығаруды қолға алған. Қанат Айтбаев жаңа бренд жайлы және Димаштың алдағы концерттері жайлы айтып берді.

Қанат Айтбаев,

Димаштың әкесі

 

Иіссудың ерлерге және әйелдерге арналған топтамасы бар. Олардың әрқайсысы өзіндік хош иісімен ерекшеленеді. Жаңа брендті жасап шыққан француз парфюмері Vincent Chevalier қазірдің өзінде иіссу тұтынушылардың қызығушылығын тудырып жатқанын айтады.

Vincent Chevalier,

Француз парфюмері

Димаштың өнердегі жанашыры, әрі тілеулес ағасы әнші Сәкен Майғазиев жаңа иіссуді пайдаланып көргенін және оның иісі көңілінен шыққанын айтады.

Сәкен Майғазиев,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Ал, әнші өзінің инстаграм парақшасында иіссу туралы: «Бұл дүниенің ғажабын тек музыкамен емес керемет жұпармен де сезінуді армандадым! Менің қиялыма қанат байлап, ойымның жүзеге асуына көмектескен франциялық керемет парфюмерлер "DQ Scent of Music" ғажайып әтірлер желісін жасап шығарды!» - деп бөлісті.

Қазіргі таңда иіссу шығаратын компания Қазақстанда өндірісін бастап, бренді сатылымға шығарды. Олар алдағы уақытта Еуропаның өзге елдерінде де бұл жұмысты қолға алып, қолданыс аясын кеңейтпек. Қазақ баласының атын иеленген жаңа иіссу алдағы уақытта әлем жұртшылығын мойындатып,  жоғары сұранысқа ие болады деген сенімдеміз.

Гауһар Түстікбаева

Бейнематериалды әзірлеген: Әлихан Жанарбек

«Қазақ газеттері» серіктестігі

 

38764 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз