Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 05 Желтоқсан, 2019

Аманхан Әлімұлы-Журналистер академиясының академигі

Бүгін «Қазақ газеттері» ЖШС-де Қазақстан Республикасы Журналистер Академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев «Ақиқат» журналының Бас редакторы Аманхан Әлімұлын Журналистер Академисының толық мүшесі-академигі дипломы және төсбелгісімен марапаттады. Дипломға ұсыну Академияның 2019 жылғы 30 қазанында жалпы жиналысының шешімімен бірауыздан мақұлдаған. Соған орай журналистика саласындағы үздік табыстары үшін үлкен марапатқа ие болып отыр. Марапаттау салтанатында «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директор-Редакторлар кеңесінің төрағасы Шәмшидин Паттеев, Қазақстан Республикасы Журналистер Академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев, экономика ғылымдарының кандидаты Валерий Жандаулетов, «Мысль» журналының Бас редакторы Аяған Сандыбай сөз алып, Аманхан Әлімұлына жылы лебіздерін білдірді. Аманхан Әлімұлы 1952 жылы 20 қаңтарда Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қожатоғай ауылында туған. 1969 жылы сол ауылдағы Амангелді атындағы орта мектепті бітірген. 1975 жылы КазГУ-дің журналистика факультетіне оқуға түсіп,  1981 жылы бітіреді. Оқуды бітіргеннен соң, 1981-1989 жылдар аралығында республикалық БАҚ «Қазақстан пионері» («Ұлан»), «Лениншіл жас» («Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Түркістан» және «Қазақ радиосында» қызмет етті. 1991-1993 жылдар аралығында Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының жанындағы жоғарғы курсының күндізгі бөлімінде оқиды. 1994-2012 жылдар аралығында «Заң газетінде» жауапты хатшы және шолушы болып қызмет етті. Аманхан Әлімұлы Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты (Алаш» сыйлығының), Оңтүстік Қазақстанға Еңбегі сіңген медалімен, «Жандос» атындағы сыйлықтың иегері, «Ұлт патриоты» грамотасымен марапатталған, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Өткірдің жүзі», «Айнұры алақанымда», «Жанымның жапырағы», «Бес қоңырау», «Кездесу»   публицистикалық және өлеңдер жинағының авторы.Жақында «Атақоныс» атты жыр-жинағы жарыққа шықты. Бүгінде «Қазақ газеттері» ЖШС-не қарасты ұлттық қоғамдық-саяси «Ақиқат» журналының Бас редакторы қызметінде.

 

Досжан Балабекұлы

Бейнематериалды әзірлеген: Жанарбек Алихан

40611 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз