Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 10 Желтоқсан, 2019

Алматы облысында «Сонар-2019» Халықаралық құсбегілер турнирі өтті

Саятшылық өнердің қазақ даласында бағзы кезеңдерден бері қалыптасып, дамығаны белгілі. Ата-бабамыз қыран құсты «Дала сермендесі», «Көк тәңірі», «Аспан еркесі», «Құс патшасы», «Қанаттылар ханы» деп те айтқан. Бүгінде осы өнерді, ұлттық саятшылық дәстүрімізді ұмыт қалдырмай, өркендете түсуіміз қажет. Сонда ғана бойымызда далалық рух сақталады. 

Жуырда осы өнерді насихаттау мақсатында Алматы облысы, Райымбек ауданы, «Қайнар» ауылы, Хаң Тәңірі туының баурайында «СОНАР-2019» халықаралық  құсбегілер сайысы  өтті.

Үш күнге созылған  жарысқа еліміздің 10 облысынан келген 60-қа жуық білікті құсбегілер, сондай-ақ көршілес Қырғыз елінен,Қытай,Монғолиядан құс баптаушы қатысты.

Жарыстың бірінші кезеңінде құстардың аңға түсу шеберлігі, құсбегімен ара-қатынасы, шырға тарту шеберлігі бағаланып, мықтылары ақтық кезеңге өтті. Ал, финалда қаршыға, ителгі және қыран бүркіттерді құсқа, қоян мен түлкіге салу арқылы жеңімпаздар анықталды.

Толығырақ бейнематериалдан тамашаланыздар

Бейнематериалды әзірлеген: Жанарбек Әлихан

Суреттерді түсірген: Азамат Құсайын

 

39839 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз