Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 12 Желтоқсан, 2019

Хайп па, айып па?

Соңғы жылдары еліміздің кино өндірісінде әр алуан тақырыптағы фильмдер саны артып келеді. Әсіресе, бұл ретте комедиялық жанрдағы кинотуындылар өзгелерден бұрын көш бастап тұр. Жылдың соңына қарай тағы бір комедиялық жаңа фильмнің тұсауы кесілді.  11 желтоқсан күні Алматы қаласындағы Esentai Mall сауда орталығының Kinopark кинотеатрында  «Sulpak Cinema» компаниясының қолдауымен "Аташка на хайпе" фильмінің бұқаралық ақпарат құралдарына арналған жабық көрсетілімі өтті.

Фильмнің режиссері – Әнуар Матжанов, бас продюсерлері – Дәуіт Шайхисламов пен Сәбит Рахымбаев. Басты рөлдерде Әбунәсір Серіков, Бекзат Елеусізов, Әлия Байбусинова, Дәурен Айдарқұловтар ойнаған.

Кинодағы негізгі оқиға жоғарғы оқу орнында сабақ беретін зейнеткер жастағы кейіпкер Тұрсын Амангелдіұлының айналасында өрбиді. Аудиторияда сабақ өтіп жатқан кезде орын алған келеңсіз жағдайға байланысты жұмыссыз қалған қарт ақша табудың амалын іздеп, біраз әбігерге түседі. Оның басынан өткен түрлі жайттар бастапқыда көрерменге күлкілі болып көрінгенімен, фильмнің соңына қарай қарттың бұндай қадамдарға баруына түрткі болған мәселенің басты себебі ашылады. Комедияны көріп отырып, айтар ойы бар, бүгінгі күннің бейнесін ашып көрсете алатын кино түсіруші мамандардың қатары қалыптасып келе жатқандығын байқауға болады. Заманауи тренд, интернетке тəуелді қоғам, хайптар мен лайктар дəуірі жəне ең бастысы адами құндылықтардан ада, рухани жетім орта.  «Атың шықпаса жер өрте» демекші,  танымал болып, ақша табу үшін түрлі хайптар түсіріп жүрген танымал блогерлердің бірқатарын осы фильмнен кездестіреміз.

«Аташка на хайпе» фильмі 12 желтоқсаннан бастап еліміздің кинотеатрларынан көрсетіледі.

 

Гауһар Түстікбаева

Бейнематериалды әзірлеген:

Әлихан Жанарбек

39073 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз