Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Желтоқсан, 2019

Алматыда «Қар қызы» спектаклінің премьерасы өтті

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының репертуары жаңа қойылыммен толықты. Бүгін көрнекті жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесінің желісінде қойылған, режиссер Жұлдызбек Жұманбайдың  «ҚАР ҚЫЗЫ» спектаклінің премьерасы өтті. Спектакль көрнекті жазушы-драматург О.Бөкейдің «Қар қызы» повесінің сахналық нұсқасы бойынша қойылды. Қыс ортасында мал азығы таусылып, трактормен алыстан шөп әкелуге шыққан үш жас жігіт ақ қар, көк мұзды тау арасында жолдан адасады. Айнала аппақ әлем, үскірік аяз. Үсіп өлу қаупі туған кейіпкерлер үшін өмір мен өлімнің арпалысы басталып, олардың шынайы болмыстары да ашыла түседі. Осы бір қиын сапардың басында олар Қоңқайға, ал, соңында «...Қоңқай зәлім жеңбесін деп Айыртауда отырған..» Сиыршы шалға жолығуы бекер емес. Әлемде жамандық жайлап кетпеуі үшін оған жақсылық қарсы тұрады. Өмірдің ұлы тепе-теңдік заңдарының бірі осы болса керек...

Қойылымның актерлік құрамы: Нұржан                          - К.Беисағалиев, М.Асаубай Аманжан                        - Жанат Тыныбаев, Алихан Лепесбаев Бақытжан                      - Шерхан Пірназаров, Ришат Жұрынбай Қоңқай шал                   - Тұңғышбай Жаманқұлов, Бауыржан Қаптағай Сиыршы шал                            - Төлеубек Аралбай, Үсіпхан Сейтімбет Жылқышының қызы  - Әсел Сайлауова,Әсел Абдыхамитова Қолшатырлы қыз        - Мадина Келгенбай, Майра Абсадыкова Қар қызы                       - Динара Усенова, Индира Меңдібаева

 Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы

Бейнематериалды әзірлеген: Жанарбек Әлихан

42927 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз