Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 24 Қаңтар, 2020

«Ұлан» газетіне жазылуды ұмытпайық!

«Қазақ газеттері» ЖШС-не қарасты балалар мен жасөспірімдердің республикалық «Ұлан» газетінің жарыққа шыға бастағанына биыл 90 жыл! Осы орайда «Ұланның» шығармашылық ұжымы баспасөз турын өткізуде. Еліміздің түкпір-түк­пі­ріндегі шалғай ауылдарында талантты балалар аз емес. «Ұланның» жас тілшілері өңір-өңірді аралап талантты да талапты балаларға бағыт-бағдар беріп келеді. Өлең, әңгіме, ертегі жазатын, білім бәйгесінде топ жарып, олимпиадаларда, ғылыми жоба жарыстарында оза шауып жүрген балаңыз немесе шәкіртіңіз болса  «Ұлан» газетіне жазыңыз! Бірі қалмай, барлығы бір жылға жазылған сыныптарды жетекшісімен газетке шығару, алғыс хат жазу, шығармашылыққа бейім оқушылардың хаттарын жариялап тұру, жас талапкерлердің жолын ашып, бағыт-бағдар беру – «Ұланның» бір бағыты. Білім мен тәрбиеге жаңашыл көмекші құрал – «Ұлан» газетіндегі «Әлемді өзгерткен балалар»,  «Алыстағы ағайын»,  «Әдемі әуестік»,  «Әуез»,  «Бірінші байлық», «Жанар»,«Жырақтан білім іздесең», «IT және инновация»,  «Мәселе»,  «Күн Шуақ», «Өнер-өнеге», «Өнертапқыш»,  «Сенің замандасың», «Сырсандық», «Толағай», «Біз де бала болғанбыз» айдарларынан көп мағлұмат алуға болады.

 

«Ұлан» газеті бөлшек саудада жоқ, тек жазылу арқылы тарайды. Балалардың жіберген материалдарының жарық көрген-көрмегенін тек газетке жазылған балалар ғана көре алады. Сондай-ақ, газет бетіндегі түрлі конкурстар туралы хабардар болу үшін де газетке жазылудың маңызы зор. Тіпті, балалар ештеңе жазбаған күннің өзінде, газет бетінде шет елдерде білім алу, стажировкадан өту, мамандық таңдауға қатысты көптеген пайдалы мағлұматтар бар. Газет аптасына бір рет, сейсенбі күндері шығады. Жылдық жазылу бағасы: Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында 2667 теңге 12 тиын; ауылдық жерлерде – 2890 теңге 56 тиын. Индекс: 65355.

 

Жанарбек Әлихан

 

45956 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз