Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 03 Ақпан, 2020

"Барселонаның" 17 жастағы ойыншысы примера тарихына кірді (ВИДЕО)

Каталондық "Барселона" футболдан Испания чемпионатының 22-ші турында "Левантені" ұтты.

Барселонадағы "Камп Ноу" стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында екі голды да 17 жастағы Анссумане Фати (30 және 31-ші минутта) салды. Оның үстіне екі допты да ол "Леванте" қақпашысы Айтор Фернандестің бұтынан өткізді. Ал осы екі голға дәл пәс берген Лионель Месси. Алаң қонақтары сапынан Рубен Рочина гол соқты (90+2).

COPE журналисті Педро Мартин мәліметінше, Фати Испания чемпионатында дубль жасғанан тарихтағы ең жас ойыншы. Футболшы 17 жаста (94 күні бар).

Осы маусымда Фати "Барселона" үшін 19 матчте бес гол салып, бір нәтижелі пас берді.

40370 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз