Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 08 Ақпан, 2020

«Шыны бағы» көрмесі көптің назарында

Оның жұмыстарынан жан дүниесіндегі шыныдай таза мөлдірлікті көруге болады. Шебердің қолынан шыққан əр туынды табиғаттың біз көре бермейтін нəзік құпияларын тайға таңба басқандай айқындап тұр. Жердегі жұмақты шынының құдіретімен жеткізген чехтың əйгілі шыны өндірушісі Иржи Пачинектің  6 ақпан күні Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде бірегей көрмесі ашылды.

Көрмені ұйымдастырушы Нұр-Сұлтандағы Чехия Республикасының Елшілігі және Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі.

- Көрменің аты өздеріңіз көріп отырғандай, "Шыны бағы" деп аталады. Ə. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейімен бірлесіп осындай шара ұйымдастыра алғанымызға қуаныштымыз. Көрмені жасамай тұрып, Қазақстан халқын Чехия республикасымен байланыстыратын ерекше дүниені көрсетсек деген ойға келдік. Қазақстанға чех шынысы əуел бастан жақсы таныс болғандықтан, Чехия Елшілігі Иржи Пачинектің танымал туындыларымен таныстыруды жөн көрді. "Шыны бағы" көрмесінде судағы жəне жердегі жануарлар əлемін тамашалауға болады. Бұнда қойылған барлық жұмыстар бір  тақырып аясында сабақтасып, өзара үндестік тауып тұр. Көрмеге келушілерге  осындай əдемілікті көзбен көріп, шынайы өнерден ләззат алуға қолайлы жағдай жасауға тырыстық. Қастеевтің өнер музейі əріптестікке келісіп, басшылық та, қызметкерлер де қвзығушылық танытқанына қуандым.  Қала тұрғындары көрмені тамашалауға көптеп келіп жатса, біз үшін үлкен мәртебе.  Көрме биылғы жылдың 1 наурызына дейін жалғасады, - деді Чехия Елшісі Рудольф Гикл.

Алматыда ұйымдастырылған «Шыны бағы» көрмесі флора мен фаунаның экзотикалық мекендеушілері бейнеленген 30 авторлық туындыны ұсынады. Көрме кураторы - Екатерина Резникова. Ғаламат жұмыстардың иесі Иржи Пачинек  - Чехияда ғана емес, сонымен бірге халықаралық деңгейдегі әйгілі заманауи көркемдік шыны өндірушілердің бірі. Ол Цвиков, Линдав пен Кунратице қалаларындағы өзінің шыны зауыттарында үздік туындыларын жасайды. Шыны үрлеуші маманның зауытында әр түрлі елдердің жас шыны жасаушылары, соның ішінде Қазақстан студенттері оқиды.

Айта кетерлігі, бұған дейін «Шыны бағы» көрмесінің бірінші бөлімі Нұр-Сұлтанда 2019 жылдың қазанында өткен болатын.

Бейнематериалда сұхбат берген - Гүлзат Мамытова,  Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің баспасөз маманы  

 

Гауһар Түстікбаева

Бейнематериалды әзірлеген:

Әлихан Жанарбек

38748 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз