Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Ақпан, 2020

Досым Сатпаев екі бірдей номинацияның жеңімпазы атанды (видео)

Алматыда "Алтын қалам" әдеби жүлдесі аясында әдеби "ОСКАР" сыйлығы табысталды. Аталған сыйлық қазіргі заман әдебиетін дамытуға елеулі үлес қосқан қаламгерлерге беріледі. Жеңімпаздар Әлемдік экономика және саясат институтының әлеумттанушысы Айман Жүсіпова жетекшілік еткен әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша анықталды. Зерттеуге әдебиет, ғылым, бизнес саласындағы 70-тен астам сарапшы қатысып, қазақстандық әдебиеттің даму барысы мен бүгінгі кітап нарығының жағдайына байланысты жеке пікірлерін білдірді. Байқау жеңімпаздарs:
  1. Жылдың үздік баспасы-Досым Сатпаев.
  2. Жылдың әдеби дебюті-Ержан Рашев.
  3. Оқырмандар таңдауы-Юрий Серебянский, Бақытжан Момышұлы.
  4. Әлеуметтік мәнге ие тақырыпқа арналған үздік шығарма- ұжымдық монография.
  5. Жылдың үздік меценаты-Досым Сатпаев.
Жеңімпаздарға сыйлық ретінде таңдап алынған мүсінде білім мен күш-қуаттың символы ретінде кітапты басынан жоғары көтерген әйел бейнеленген. Бұл мүсіндер "Эльдани" қайырымдылық қорының сәндік-қоладанбалы шеберханасында дайындалған. Ерекше шеберхананы мүмкіндігі шектеулі жандар жасап отыр. Марапатқа ие болғандармен Ұйымдастыру комитетінің мүшелері Досым Сатпаев, Сәкен Балбаев, Расул Жұмалы шағын сұхбат жүргізді.

Суреттерді түсірген-Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ,

Видеоға түсірген-Әлихан ЖАНАРБЕК

41606 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз