Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 12 Ақпан, 2020

Исламхан Чемпиондар лигасын масқара жеңіліспен бастады ( ВИДЕО)

Бауыржан Исламхан ойнайтын "Аль-Айн" азиялық Чемпиондар лигасының алғашқы турында өз алаңында Иранның "Сепаханынан" 0:4 есебімен ұтылды, деп хабарлайды  Kazgazeta.kz.

Исламхан алғаш рет "Аль-Айн" сапында алаңға алғашқы минуттардан бастап шықты.

38-ші минутта "Сепахан" сапынан Мохаммад Мохеби есеп ашып кетті. 46-шы минутта ирандықтардың бразилиялық шабуылшысы Кирос есепті еселеді. 52-ші минутта Соруш Рафиели "Аль-Айнға" үшінші допты салса, 78-ші минутта кездесудің нүктесін Мохаммад Таеби қойды.

Нәтиже сол – "Аль-Айн" 0:4 есебімен оңбай ұтылды.

Азиялық Чемпиондар лигасының D тобында "Аль-Айн" мен "Сепаханнан" бірге "Аль-Наср" (Сауд Арабиясы) және "Аль-Садд" (Катар) ойнайды.

"Аль-Айн" келесі кездесуін 14-ші ақпанда БАӘ чемпионатында "Иттихадқа" қарсы өткізеді.

 

sports.kz

38887 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз