Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 19 Ақпан, 2020

Алматыда «Гудбай, мой бай 2» комедиясының жабық көрсетілімі өтті

Алматыдағы  Kinopark 11 IMAX  Esentai кинотеатрында «Гудбай, мой бай 2» толықметражды комедиясының  БАҚ өкілдеріне арналған жабық көрсетілімі өтті.

Киноның идеясы алғашқы бөліміндегі ойдың желісін әрі қарай тарқатады. Отбасылық құндылықтар, ажырасу секілді тұрмыстық жағдайдың айналасындағы мәселелерді қамтуға тырысқан.

Киноның бас режиссері – Әнуар Матжанов.Басты рөлдерде Сәбит Рахымбаев, Даут Шайхисламов, Нұрдаулет Шертім, Азим Саидбаев, Дариға Бадықова, Наталья Валькова, Сабина Саяқова, Нұргүл Алпысбаевалар ойнайды. Ал кішкентай баланың рөлін режиссер Ақан Сатаевтың ұлы Ильяс Сатай сомдап шыққан.

«Қазір елімізде жастардың ажырасу оқиғасы көбейіп кетті, кино сол тақырыпты қозғап, ажырасудағы басты мәселеге тереңдеп енеді. Ажырасудың алдында тұрған жастардың бірінің оқиғасы баяндалады. Ерлі-зайыптылар арасындағы және келін мен ененің арасындағы кикілжіңдер, олардың бірін-бірі дұрыс түсінбегендіктен дұрыс емес шешімдерге баратындығы айтылады. Жақында ажырасып кеткен бір досымызға көрсетіп едік, ол осы фильмнен үлкен әсер, сабақ алған болу керек әйелімен қайта табысыпты. Бір жанұяны болсын қайта қосқанымызға қуаныштымыз»,-дейді режиссер Әнуар Матжанов.

Бексұлтан Нұрланұлы

Бейнематериалды әзірлеген: Жанарбек Әлихан

39497 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз