Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 27 Ақпан, 2020

Чемпиондар лигасы. Фавориттер сүрінді (видео)

Ақпанның 26-нан Чемпиондар лигасы 1/8 финалының өзге төрт команда арасындағы бірінші ойындар өтті. Испаниялық "Реал" өз алаңында англиялық "Манчестер Ситиден" ұтылды - 1:2. 60-шы минутта жартылай қорғаушы Иско мадридтіктерді алға шығарды, алайда, алаң қонақтары 78-ші минутта бразилиялық форвард Габриэль Жезустың голымен жауап берді және 83-ші минутта хавбек Кевин де Брюйне пенальтиді сәтті орындады. "Реал" ойын соңында азшылықта қалғанын айта кету керек. 86-шы минутта команда капитаны Серхио Рамос алаңанан қуылды - ол Жезуске дубль жасауға бөгет жасап қалды.

Қатар өткен матчте франциялық "Лион" өз алаңында италиялық "Ювентусты" ұтты - 1:0. Ойындағы жалғыз голды 31-ші минутта жартылай қорғаушы Люки Тузара салды.

37368 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз