Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 20 Тамыз, 2020

Еуропалық Одақтың Erasmus+ шәкіртақысының иегерлері белгілі болды

Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі Erasmus+ бағдарламасының ұлттық кеңсесімен бірлесе отырып, Erasmus Mundus бірлескен магистрлік бағдарламасы бойынша шәкіртақы иеленген 44 қазақстандық студентпен онлайн ақпараттық кездесу өткізді. Қазақстандағы ЕО Елшісі Свен-Олов Карлссон мырза мен Erasmus+ ұлттық кеңсесі директоры Шайзада Тасболатова ханым жақын арада ЕО-ның ең ірі білім беру бағдарламасына қосылуға дайын студенттерге қолдау көрсетіп, тілектерін айтты.

2020 жылы Erasmus Mundus бірлескен шәкіртақылы магистрлік бағдарламалары аясында Қазақстанның 44 студенті келесі мамандықтар бойынша магистратурада білім алу мүмкіндігіне ие болады: менеджмент, ақпараттық технологиялар, инженерлік іс, қоғамдық денсаулық сақтау, журналистика, шарап туризмі және үлкен деректерді басқару.

Студенттер 14 әртүрлі мемлекетте, соның ішінде Аустрия, Бельгия, Болгария, Дания, Чехия, Эстония, Франция, Германия, Грекия, Мажарстан мен Испанияда орналасқан екі әртүрлі университетте білім алмақ.

 «Білім беруге инвестиция – бұл ортақ болашағымыз бен өркендеуімізге тиімді инвестиция жасағанымыз. Көп жылдар бойы Erasmus+ бағдарламасы студенттер ұтқырлығын қолдап, Қазақстанның мыңдаған студенттеріне бірегей білім алып, дағды қалыптастыру, мәдени құндылықтармен танысуға көмектесуде. Сондай-ақ, осы бағдарлама студенттерге Қазақстан Елшілері атануға, өздерінің ерекше тәжірибелері, идеяларымен болашақ топтастары және профессорлармен бөлісуге керемет мүмкіндік береді», -деді Қазақстандағы ЕО Елшісі Свен-Олов Карлссон.

Онлайн кездесуге Қазақстандағы Еуропалық Одақтың бірқатар мүше мемлекеттері дипломатиялық өкілдіктерінің өкілдері және Erasmus+ бағдарламасының түлектері қосылып, студенттерге сәттілік тілеп, сұрақтарына жауап берді.

Досжан Балабекұлы

 

19645 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз