Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Сәуір, 2024

Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай жарияланды

Су тасқынына байланысты Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай жарияланды.

Ашық НҚА порталында БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің Батыс Қазақстан облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешімі шықты.

Аталған шешімге сәйкес облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалып, оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылды.

Шешімнің орындалу барысын өңір басшысы бақылайды.

Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

2063 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз