Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 30 Сәуір, 2024

Ішкі нарықты қолдау

«Қазақстанда өндірілетін тауарлар мен оларды өндірушілер туралы ақпаратқа қол жеткізудің бірыңғай нүктесін қамтамасыз ететін «СТ-KZ» сертификаттары мен Индустриялық сертификаттың орнына қазақстандық тауарлардың Бірыңғай тізілімін құру бойынша жұмыс жүргізілуде», – деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағаты барысында.

Жалпы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін өңдеу өнеркәсібінде: отандық өндірушілермен офтейк-келісімшарттардың үлесін 10%-ға дейін ұлғайту, реттелетін сатып алулардағы елішілік құндылық үлесінің 60%-ға дейін қол жеткізу жоспарлануда.

2023 жылы мониторинг субъектілері 25,9 трлн теңгеге тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде отандық тауар өндірушілерден – 12,9 трлн теңгеге сатып алынды. Елішілік құндылық үлесі 49,7% құрады.

Бұдан басқа, отандық өндірушілерді қолдау бойынша тәсілдерді жетілдіру мақсатында ірі кәсіпорындардың – жер қойнауын пайдаланушылар, үйе құраушы кәсіпшілер, ұлттық компаниялар, табиғи монополия субъектілері жергілікті қамту бойынша, офтейк-шарттар жасасу көрсеткіштер, ШОБ белдеуін құру және әлеуметтік қамсыздандыру сияқты отандық өндірушілерді қолдау шараларын қамтитын елішілік құндылықты дамыту Бағдарламаларын қабылдау жөніндегі міндеттемелерін көздейтін заңнамалық түзетулер әзірленді.

Фото: gov.kz

194 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз