Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Сәуір, 2024

Бірлік күні Қазақстанда 2000-нан астам іс-шара өтеді

1 мамырда еліміздің әр аймағында ел бірлігі күніне орай 2000-нан астам іс-шара өтеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Елордада Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының бастамасымен «Бірлігіміз жарасқан» концерті өтеді. «Гүлдер» және «Birlik» ансамбльдерінің бір топ бишілері мен жеке орындаушылары хореографиялық композициялар ұсынады.

Түркістан облысындағы «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығында «Ынтымақ – достық кепілі» ашық есік күні өтеді.

Таразда «Тарих аясындағы көне Тараз» жылжымалы археологиялық көрмесі өтеді, көрмеде құнды мұражай экспонаттары ұсынылады. Іс-шараны «Ежелгі Тараз ескерткештері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырады.

Шығыс Қазақстан облысында «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» атты кітап көрмесі ашылады.

Ұлытау облысында жастар арасында ұлттық ойындар ұйымдастырылады, Абай облысында этнофест және «Ақ бауырсақ» ұлттық тағамдар фестивалі өтеді.

Қазақстан халқының бірлігі күні – 1996 жылдан бастап әр жыл сайын атап өтілетін мемлекеттік мереке. Осы жылдар ішінде мереке барлық қазақстандықтарды біріктіретін игі дәстүрге айналды.

Қазақстанда бейбітшілік пен келісімде 100-ден астам этнос тұрады.  Халық бірлігі – толеранттылық пен мәдениетаралық қатынасқа негізделген қуатты да берекелі мемлекеттің белгісі.

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

93 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз