Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Мамыр, 2024

«Жұлдызды гид» ҚР Ұлттық музейінде экскурсия өткізді

ҚР Ұлттық музейінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Төлеген Мұхамеджанов пен Қазақстан және Татарстан Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева экскурсия жүргізді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Астана» залында «Жұлдызды гидтер» тәуелсіз Қазақстан астанасының пайда болуы, қалыптасуы мен даму тарихын бейнелейтін маңызды нормативтік-құқықтық актілер, экспонаттар, фотоқұжат материалдарының жинағы туралы айтып берді.

Нұржамал Үсенбаеваның айтуынша, музейдегі гид рөлі ол үшін ерекше тәжірибе болған.

Айта кетейік, «Жұлдызды гид» жобасы аясында өнер иелерінің марапаттары, ордендері мен шығармашылық костюмдері және әндер жинағы сияқты жеке заттары ұсынылған көрме ұйымдастырылды. Экспозициялар мұражай қорына берілді.

Ұлттық музейде «Жұлдызды гид» жобасы 2015 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді.

Фото: gov.kz

125 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз