Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Мамыр, 2024

Netflix Алматыда reality travel show түсіреді

Әлемге әйгілі Netflix ағындық платформасы Қырғызстан мен Қазақстанда reality travel show түсірілімі туралы жариялады. Алматыда жобаның түсірілімі 20-30 мамыр аралығында өтеді.

Almaty Tourism Bureau - да атап өткендей, Алматыда reality travel show түсірілімі — елдің танылуына және туристік әлеуетті арттыруға ықпал ететін маңызды «капитал».

Netflix жетекші болып саналатын ағындық платформа, ол кең аудитория үшін фильмдердің, сериалдардың және басқа да түпнұсқа мазмұнның үлкен таңдауын ұсынады және өте танымал.

Netflix аудиториясы — бүкіл әлем бойынша жарты миллиардтан астам адам. Netflix — тің ақылы жазылушыларының саны-шамамен 270 млн.

Фото: almaty_akimat

166 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз