Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Мамыр, 2024

Қонаевта екі көшенің атауы өзгереді

Қонаев қаласындағы Центральная және Фрунзе көшелерінің атауы өзгереді. Мұндай шешімді депутаттар қалалық мәслихаттың XXVII сессиясында қабылдады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Центральная көшесіне — балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың, Фрунзе көшесіне Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың есімі берілуі мүмкін.

Бұл мәселе облыстық мәслихатта да қаралады. 

Сонымен қатар сессияда Қонаев қаласы және ауылдық округтерінің 2023 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы мәселе қаралды. 

Қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ләйлә Келдібекованың сөзінше, бюджеттің кіріс көлемі — 46 млрд 774 млн теңге болды.

— Атаулы әлеуметтік көмекке 149,0 млн теңге бөлініп, игерілді;
— № 10-шы шағын аудандағы үш 60 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына барлығы 2 млрд 198 млн теңге бөлініп, оның 2 млрд 57 млн теңгесі игерілді; 
— азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге, яғни апатты жағдайдағы үйлерді жою шаралары аясында 34 пәтер иелеріне 593,7 млн теңгеге пәтер сатып алынды;
— сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін дамыту бағдарламалары бойынша барлығы 11 млрд 332 млн теңге игеріліп жұмыстар жүргізілді;
— № 8-10 шағын аудандардың көшелерін күрделі жөндеу жұмыстарына 785 млн теңге бөлініп игерілді. Жолаушылар тасымалдау шығындарына 428,9 млн теңге бағытталды.

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

 

182 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз