Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 04 Мамыр, 2024

Бүгін ақын, жазушы Оспанхан Әубәкіровтың туғанына 90 жыл

Қаламгер республикалық газеттерде, «Ара» журналында қызмет істеген. Сатиралық жанрмен бірге, балаларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлардың әндеріне мәтін жазып, аудармамен де айналысты.

Әзиз Несиннің «Ахиреттен келген хаттар», Бранислав Нушичтің «Менің өмірбаяным», Лао Шэнің «Мысықтар қаласы», Рудольф Эрих Распенің «Мюнхаузеннің хикаялары», Карло Каладзенің балаларға арналған өлеңдер жинағын тәржімелеп, қазақ оқырманына ұсынды. 

Оспанхан Әубәкіровтің «Қоңырау», «Бытбылдық», «Жасыратын не бар», «Қалтадағы қайық», «Күлеміз-ау», «Солақай», «Көктайғақ», «Сиқыр», «Ұзын сөздің қысқасы», «Сүзеген сөз», «Ымды білесіз бе?», «Мың мінездеме» тәрізді көптеген кітаптары, екі томдық шығармалар жинағы жарық көрген.

Біртуар қаламгерге 1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілді.

142 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз