Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 04 Мамыр, 2024

Былтыр Иорданиядан Қазақстанға мыңнан аса турист келген

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Иордан Хашимит Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хамза Махмуд Юсеф Әл-Омаримен кездесті.

Тараптар спорт саласындағы әлеуетті ынтымақтастықты талқылап, туризм саласын дамытуда тәжірибе алмасуға, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларына дайын екендіктерін жеткізді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Иорданиядан Қазақстанға 1130 турист келген.

«Бүгінде қазақ-иордан қатынасы қарқынды дамып келеді. Корольдік Таяу Шығыс аймағындағы еліміздің ең жақын және сенімді одақтастарымен бір қатарда орналасқан. Өкінішке қарай, біздің елдеріміз арасындағы туристік ағынның көрсеткіші көңіл көншітпейді. Бұған тікелей рейстердің жоқтығы және визалық талаптар кедергі келтіріп тұр. Осыған байланысты, көрсеткіштерді ұлғайту және ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін аталған мәселелерді пысықтау қажет», - деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Министр Елшіні V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысуға шақырды. Еліміздегі дүбірлі додаға Иордания құрамасы да қатысады деп жоспарланған.

Фото: gov.kz

253 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз