- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 05 Мамыр, 2024
Олжас Бектенов қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады
Үкімет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады.
«Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – ұлтаралық татулық пен этносаралық келісім үйлесім тапқан біздің еліміз үшін де ерекше мейрам.Халқымыздың ауызбіршілігі, ұлт пен ұлыстың және түрлі дін өкілдерінің өзара сыйластығы — тәуелсіз мемлекетіміздің ең үлкен байлығы. Осынау рухани кемел құндылықтарды ұлықтай білген қазақстандықтар әрдайым бір-бірін мейірімге, шынайы бауырластыққа, ізгі қадамдарға үндейді. Қуанышты күні шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын.
Еліміздің барша православ христиандарына және отандастарымызға зор денсаулық, бақытты ғұмыр, толайым табыс тілеймін!», - деді Олжас Бектенов.
313 рет
көрсетілді0
пікір