Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 05 Мамыр, 2024

«ASTANA MUSICAL» театры Халықаралық комедиялық театр фестивалінде үздік деп танылды

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «ASTANA MUSICAL» театры сахналаған «№13» спектаклі Халықаралық II «Сәлем» комедиялық театр фестивалінде «Үздік комедиялық спектакль» номинациясы бойынша үздік атанды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Биыл фестиваль Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург Сәкен Жүнісовтың 90 жылдығына арналды.

«Сәлем» фестиваліне еліміздің танымал театрлары,одан бөлек Әзірбайжан мемлекеттік «Пантомим» театры, Түркияның Ыстанбұл мемлекеттік театры қатысты.
«ASTANA MUSICAL» Рэй Кунидің «№13» комедиясын ұсыып, қазылар алқасының жоғары бағасын алды.

«ASTANA MUSICAL» ұжымын жеңісімен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз.

Фото: gov.kz

480 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз