Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Мамыр, 2024

Эвакуациялық пункттерде тәулік бойы жұмыс істейтін 106 медициналық пост орналастырылды

Эвакопункттерде медициналық және медициналық-психологиялық көмек көрсету үшін 600-ге жуық медицина қызметкері, оның ішінде 101 дәрігер, сондай-ақ 47 психолог тартылды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Уразалиеваның хабарлауынша, су тасқыны болған аймақтарда су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды уақытша орналастыру орталықтарына (пункттеріне) шығатын мобилдік бригадалар ұйымдастырылды. Жүкті әйелдердің, балалардың жағдайына тұрақты медициналық бақылау жүргізілуде. Жергілікті жерлерде нақты үйлестірудің арқасында пациенттер штаттық режимде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды алуды жалғастыруда.

«Су басқан аймақтардан эвакуацияланғандардың арасында денсаулық жағдайы дәрігерлердің бақылауында болатын созылмалы аурулары бар 1 318 адам бар. Су тасқыны салдарынан зардап шеккендерден психологиялық көмекке 2805 өтініш тіркелді.», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Инфекциялық аурулардың туындауының алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысы күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.  Санэпидқызметтер сумен жабдықтау көздеріне күнделікті күшейтілген мониторинг пен бақылауды жүргізеді. Су тасқыны басталғаннан бері санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге 11 мыңға жуық ауыз су сынамасы іріктеліп, зерттелді.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бақылауымен эпидемиялық маңызы бар  6 мыңнан астам  нысанға дезинфекция жүргізілді. Дәрігерлер мен санэпидқызметтің үйлесімді іс-қимылдарының нәтижесінде инфекциялық аурулардың, соның ішінде ішектің, уланудың өршуі жағдайларына жол берілмеді, сынама алу кезіндегі барлық көрсеткіштер қауіпсіз диапазонда.

Фото: дереккөзден алынды

85 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз