Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Мамыр, 2024

Тасқыннан зардап шеккендердің несие қарызын өтеуді 3 айға кейін шегеру ұсынылды

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендердің несие қарыздарын өтеуді кейінге шегеру мақсатында 6 мыңнан астам адамның тізімі жасақталды, – деп хабарлайды Ақтөбе қаласының әкімдігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктермен және микроқаржы ұйымдарымен бірлесіп, 1 сәуірден бастап су тасқынынан зардап шеккендердің несиелері бойынша төлемдерді 3 айға кейінге шегеру ұсынылды. Осындай төлемдерді кейінге қалдыру табиғи апаттан жапа шегіп, ісі тоқтаған кәсіпкерлерге де беріледі. 

Әкімдіктің мәліметінше, қазір уақытша эвакуациялау пункттерінде тұратын ақтөбеліктер екінші деңгейлі банктердің кейінге шегеруден бас тартқанына немесе одан әрі төлемдер бойынша қолайсыз шарттарды ұсынып отырғанына шағымданған. 

Мұндай шағымдары бар адамдар қоғамдық штаб мүшелеріне жүгінуде. Мысалы, «Береке банк» төлемдерді екі айға кейінге шегеріп, бірақ келесі айларда төлемді екі есе қайтару шартын ұсыныпты. Демек, адам айына бірден екі есе төлем жасайды. Олай болмауы керек. Несиені қайтару қарызы бойынша кейінге қалдыру су тасқынынан зардап шеккен адамдарға қиын кезеңде оларды қолдау мақсатында беріледі, - деді  облыс әкімі банк өкілдерімен кездесу кезінде.

Кейінге қалдыру кезеңінде банктер мен микроқаржы ұйымдар төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейді.

Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдіктері зардап шеккендердің тізімін жасап, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жібереді. Қазіргі таңда облыс бойынша зардап шеккен 5 900 жеке және 200-ге жуық заңды тұлғаның тізімі жолданды.

Бүгінгі таңда агенттік зардап шеккен аймақтардың тізімін құрып, оны барлық екінші деңгейлі банктерге жіберген. Дегенмен қарыз берушілерге өз бетінше жүгінген зардап шеккендерден өтініштер қабылдау ұсынылды.

Фото: дереккөзден алынды

86 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз