Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Мамыр, 2024

"Тұтқындамақ болғанда оқ атқан": Атырауда әскерге биыл шақырылған сарбаз қарумен бөлімнен шығып кеткен

"Батыс" өңірлік қолбасшылығы сарбаздың әскери бөлімнен қару алып шыққаны туралы мәліметті растады.

Оқиға 8 мамырда болған, ал зардап шеккендер жоқ екен.

Кей мәліметтер бойынша, әскери бөлімнен қашқан сарбаз – Көкшетау қаласының тумасы. Ол әскерге биылғы 18 сәуірде шақырылған.

Ал Atyrau Online Telegram-арнасының мәліметінше, сарбазды тұтқындамақ болғанда ол қарудан оқ атқан. Бұдан кейін әскери бөлім қызметкерлері мен полицейлер “Арлан” арнайы жасағы мен ҰҚК қызметкерлерін шақырған. Сарбаздың қолында АК-74 автоматы болғаны хабарланды.

Фото: ашық дереккөзден

 

149 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз