Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Мамыр, 2024

Бүгін – Жеңіс күні

Бүгін – Екінші дүниежүзілік соғыста жау әскерін түпкілікті талқандап, жеңіске жеткен күн. 9 мамыр Қазақстанмен қатар, өзге де ТМД елдерінде Жеңіс күні ретінде аталып өтеді. 
Германия әскері КСРО аумағына шабуыл жасаған 1941 жылдың 22 маусымы ТМД елдерінің ресми тарихында 4 жылға созылған алапат соғыстың басталған күні болып есептеледі. Кез келген соғыс экономиканың дамуын ондаған жылға артқа шегеріп, ұлттың тұрмыс сапасы мен демографиялық әлеуетін тежейтіні хақ. Сондықтан, соғыстың біткені туралы хабарды «қара қағаздар» мен қалыптан тыс азапты жұмыстан жауыр болған халықтың «жеңіс» деп қабылауы заңдылық.  Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) 148 ардагері тұрады, оның ішінде 108 қатысушысы және ҰОС кезеңінде алған жаралануы, контузиясы, мертігуі немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар 40 адам, сондай-ақ, республикада ҰОС жеңісіне үлес қосқан 50 012 басқа азамат бар. Олардың ішінде: Қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 70 адам; концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары – 149 адам; ҰОС кезеңінде алған жаралануы, контузиясы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар қайтыс болған адамның жұбайлары – 2 314 адам; ҰОС-да қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлері – 2 адам; тыл еңбеккерлері – 47 477 адам.

ҰОС кезінде майданға 1 млн 200 мыңнан астам қазақстандық шақырылды, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар құрылды. Әскери қызметі үшін жүздеген мың қазақстандық медальдармен және ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Төрт қазақстандық екі рет батыр атанды, 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық Жеңіс үшін өз өмірін қиды – олар шайқаста қаза тауып, жаралар мен аурулардан қайтыс болып, хабар-ошарсыз кетті. Тұтқыннан 630 мың адам оралмады.

Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық жасау, олардың өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдықтарының бірі болып табылады. Қарттарды әлеуметтік қорғау шаралары орталық деңгейде де, жергілікті деңгейде де жүзеге асырылады.

Біріншіден, зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдердің мөлшері жыл сайын артып келеді. Азаматтардың 19 санатына (соғысқа қатысушылар, тыл еңбеккерлері, ре азаматтар және т.б.) өзге де әлеуметтік төлемдерге қарамастан арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу жүзеге асырылады.

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақыны ескере отырып ай сайын алынатын әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері:

- ҰОС қатысушылары үшін – 239 844 теңге (108 адам);

- ҰОС кезеңінде жарақат алу, контузия алу, мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдар үшін – 250 125 теңге (40 адам);

- басқа мемлекеттердің (Ауғанстан, Вьетнам, Алжир, Мысыр, Ирак және т. б.) аумағындағы әскери іс-қимылдарының ардагерлері үшін – 217 348 теңге (26 149 адам);

- жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдар үшін – 196 861 теңге (3 477 адам);

- ҰОС кезеңінде жарақат алу, контузия алу, мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар үшін – 151 548 теңге (14 043 адам);

- ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері үшін – 161 432 теңге (47 477 адам).

Екіншіден, ардагерлерді әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары көрсетілуде. Олардың барлығы әскери қызметшілер үшін қолданылатын құқықтар мен кепілдіктерге ие. Салық салу бойынша жеңілдіктерді пайдаланады, Астана және Алматы қалаларындағы мамандандырылған госпитальдарда білікті медициналық көмек көрсетіледі, санаторлық-курорттық емдеу ұсынылады (373,7 млн теңгеге 1 636 адам).

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар бюджет және тартылған (демеушілік) қаражат есебінен ардагерлерге мерекелік (естелік) күндерге материалдық көмек түрінде және келесі нысанда қосымша әлеуметтік қолдау түрлерін көрсетеді: тұрғын үйді жөндеу (14,3 млн теңгеге 53 адам), отынмен қамтамасыз ету (14,5 млн теңгеге 342 адам), қоғамдық көлікте жол жүру жеңілдіктері (9,5 млн теңгеге 629 адам), дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (76,5 млн теңгеге 7 020 адам), тіс протездеу (37 млн теңгеге 203 адам), азық-түлік топтамасы (54,4 млн теңгеге 6 272 адам) және әлеуметтік көмектің басқа да түрлері.

Үшіншіден, жыл сайын біржолғы материалдық көмек төлеу дәстүрге айналды. Жеңіс күні қарсаңында жергілікті атқарушы органдар 50,1 мың адамға 3 млрд теңге жалпы сомаға біржолғы көмек көрсетуді көздеп отыр, оның ішінде 148 ҰОС ардагеріне 262,7 млн теңгеге (ағымдағы жылғы 6 мамырдағы жағдай бойынша).

Облыстардың, астананың мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне ҰОС ардагерлері үшін материалдық көмектің ең төменгі кепілдендірілген шегін 1,5 млн теңгеден кем емес мөлшерінде белгілеу ұсынылды. Нәтижесінде өңірлердің көбісінде біржолғы қаржылай төлемдердің мөлшері көрсетілген шамада белгіленген. Кейбір өңірлерде жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктеріне және мәслихаттардың шешімдеріне байланысты төлемдер мөлшері көбірек болады.

Бүгінгі таңда ҰОС ардагерлеріне төлемдер барлық өңірлерде жүргізілді. Қалған санаттар бойынша төлемдер 9 мамырға дейін аяқталады.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79-жылдығын мерекелеу құрметіне Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне жеке құттықтау хаттары және естелік сыйлықтар табыс етіледі.

КСРО үшін жеңісті жақындатуға одақ құрамындағы Қазақ КСР-нің қосқан үлесі зор. 1939 жылы одақ көлемінде жүргізілген халық санағы бойынша Қазақстанда 6,2 млн адам тұрған. 4 жылда қазақ даласынан 1 млн 200 мың азамат майданға аттанып, оның 601 мыңы қайтып оралмады.

100 мыңнан астам қазақстандық соғыстағы ерлігі үшін түрлі деңгейдегі орден, медальдермен марапатталды. Оның ішінде 99 майдангер Кеңес Одағының Батыры және Тәуелсіз Қазақстанның Халық Қаһарманы атақтарын иеленді.

Фото: ашық дереккөз

494 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз