Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 09 Мамыр, 2024

ҚР Мемлекеттік орталық музейі ардагерлерді мерекемен құттықтады

Жеңіс күніне орай ҚР Мемлекеттік орталық музейі Алматы қаласы Медеу ауданында еңбек ардагерлерінің қатысуымен жыл сайынғы «Жеңіс салтанаты» құттықтау акциясын өткізді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Музей ұжымы еңбек ардагерлеріне құрмет білдіріп, алғыс айтып, сыйлықтар табыс етті.

Іс-шараға қатысқан ардагерлердің қатарында жазушы, журналист «Берега памяти», «Премьер», «Реквием», «Память сердца» кітаптарының авторы, 6 жасынан бастап тылда еңбек етіп, кейін еліміздің Қарулы Күштері қатарында қызмет еткен Николай Колинко мен Николай Никанкин, шахматтан бірнеше дүркін чемпион Пану Әбдіқасова және 92 жастағы еңбек ардагерлері Вера Инфантьева, Нина Курликова, Эмма Чуракова бар.

Фото: gov.kz

303 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз