Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Мамыр, 2024

Ұлы Отан соғысы туралы отандық фильм тегін көрсетіледі

«1941 жылдың жазы» фильмі еліміздің бірнеше қаласында тегін көрсетіледі.

Жеңіс күніне арналған әскери-патриоттық кино апталығы аясында Алматы, Қарағанды, Шымкент және Талғар кинотеатрларында «1941 жылдың жазы» фильмінің тегін көрсетілімі өтеді. Әскери-патриоттық кино апталығы 2024 жылғы 9 мамырда басталады, дейді Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Режиссер Бекболат Шекеровтің фильмі ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарындағы партизан отрядымен шайқас жайында. Кинокартина соғыс жылдарында ерлігімен көзге түскен диверсиялық топ басшысы, көрнекті қазақ қайраткері, лейтенант Әди Шәріповтің өмірбаяны туралы баяндайды, – дейді ведомство.

197 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз