Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 10 Мамыр, 2024

Энергия көздерін дайындауға Үкіметтен 17 млрд теңге бөлінді

ҚР Энергетика министрлігі алдағы жылыту маусымына дайындық туралы:

Биыл республиканың электр стансаларында 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны жөндеу жоспарланған. Электр желілері жалпы ұзындығы 20,9 мың км электр желілерін, сондай-ақ 423 жоғары вольтты қосалқы стансаларды жөндеуді көздейді. Барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп келеді, кешігулер жоқ.

Энергетика саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін мемлекет қабылдап жатқан шаралар 2024 жылы салаға шамамен 327 млрд теңге тартуға мүмкіндік береді, бұл өткен жылғы деңгейден 44%-ға артық.

Сонымен қатар энергия көздерін дайындауға ҚР Үкіметінің резервінен алдын ала 17 млрд теңге бөлінді. Қалған өтінімдер бойынша жұмыс жақын арада аяқталады.

195 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз