Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Мамыр, 2024

Ғалия Тыңбаева – Qazaqstan Barysy Grand Slam жеңімпазы

Астанада дзюдодан өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Ғалия Тыңбаева жеңімпаз атанды. Ол финалда Grand Prix чемпионы Сабина Гилиазованы (AIN) иппон ұпаймен жеңіп, ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені әкелді.

Бұл – Ғалия Тыңбаеваның әлемдік Grand Slam турниріндегі алғашқы алтын медалі, деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясы.

Дзюдошы жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы, Grand Slam жарыстарының жеңімпазы франциялық Ширин Боуклиді жеңген болатын.

Астана қаласында өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің жеңімпазы ретінде әлемдік рейтингте Ғалия Тыңбаеваның қоржынына 1 000 ұпай қосылады.

Qazaqstan Barysy Grand Slam додасында ережесі бойынша бірінші орын үшін 1 000, екінші орын үшін 700, ал үшінші орын үшін 500 ұпай есептелетін болады. Олимпиадаға рейтингтік ұпай үлестретін соңғы Grand Slam 12 мамырға дейін жалғасады.

159 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз