Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 10 Мамыр, 2024

Шақпақ баба асуы автомобиль туннелінің құрылысы қашан аяқталатыны белгілі болды

Жол құрылысы маусымы аясында министр Марат Қарабаев бастаған көлік министрлігінің өкілдері ел өңірлеріне тұрақты түрде жұмыс сапарын жүргізуде. Сала министрі жұмыс сапарымен Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласына барды. Сапар барысында министр бірқатар инфрақұрылым нысандарының құрылысымен танысты. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлайды. 

Мемлекет басшысының былтыр қазан айындағы Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында берген тапсырмасына сәйкес бұл учаскедегі жұмыстар аса маңыздылыққа ие. Марат Қарабаев республикалық маңызы бар М-32 "Самара-Шымкент" күре жолының "Қызылорда-Сексеуіл" учаскесінде қолға алынған жұмыстарды тексерді. Қызылордадан Сексеуілге дейін қайта құру жұмыстарымен 463 шақырым жол қамтылады.

Сонымен қатар Шақпақ баба асуы арқылы өтетін елміздегі алғашқы автомобиль туннелінің құрылысы қашан аяқталатыны белгілі болды.

"Биыл жазда Шақпақ баба асуы арқылы өтетін туннельдің құрылысын аяқтап, халыққа пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бетон және асфальтбетон жұмыстары толығымен аяқталды, сондай-ақ жарықтандыру орнатылды. Қазір бейнебақылау және газ құбырларын өткізу, желдету мен өртке қарсы құрал-жабдықтар орнату жұмыстары жүргізілуде. Басты жұмыстар аяқталды", - деп атап өтті автомобиль жолдары комитетінің өкілдері.

Ашылғалы жатқан туннель көлік жүргізушілеріне қыста Шақпақ баба асуында боранды күндері қар құрсауында қалып кетпеуіне жол ашады.

Фото: newtimes.kz

437 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз