Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Мамыр, 2024

Орман өрттерін жедел анықтау үшін жаңа технологияларды енгізу қажет

Орман өрттерін жедел анықтау үшін жаңа технологияларды енгізу қажет, - деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігі. 

Қазақстанда орман өрттерін ерте анықтау жүйелері «Бурабай» (132,0 мың га), «Көкшетау» (182,0 мың га), «Медеу» (842 га) табиғи парктерінде және «Ертіс орманы» (277,0 мың га) резерватында жұмыс істейді.

2023 жылы республикалық бюджет есебінен «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (182,0 мың га) және «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының (277,0 мың га) аумағында орман өрттерін ерте анықтау жүйесін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2023 жылы Қостанай облысының 11 орман шаруашылығы мекемесінің 10-из қамти отырып, 34 бейнебақылау жүйесінің нүктелері және Солтүстік Қазақстан облысының 12 орман мекемесінің 11-ін қамти отырып, пысықтауды талап ететін 16 бейнебақылау нүктелері орнатылды.

Ерте анықтау жүйелерін енгізу жұмыстары жалғасуда.

434 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз