Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Мамыр, 2020

28 отбасына жаңа ықшамауданнан баспана салынатын болды

Мақтаарал ауданындағы балабақша, монша мен апатты жағдайдағы жатақханада тұрған 28 отбасына жаңа ықшамауданнан баспана салынатын болды. Бұл туралы Үкімет Басшысы Асқар Мамин бүгін су алған ауылдарға келген жұмыс сапары барысында мәлімдеді. Бос тұрған ғимараттарды еш құжатсыз пана қылып  келген жандар енді жаңа баспанаға ие болады. Олардың барлығы су басқан ауылдардың тұрғындары. Баспана тауқыметін тартқан отбасылардың айтар алғысы шексіз. Айта кетейік,  Премьер-Министр А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкімет Басшысына Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын таныстырды. Сондай-ақ, олар Мырзакент ауылында су тасқыны салдарынан зардап шеккен Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық ауылдарының 500 отбасыға арналған жаңа шағын ауданның құрылысын аралады.  

251 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Оқушыларына ерекше ашықхат жолдайтын жас ұстаз
Келесі мақала Елімізде өткен тәулікте 322 адам коронавирус індетін жұқтырған

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *