Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Сәуір, 2024

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға тұрмыстық техника алуға қаражат беріледі - Олжас Бектенов

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға тұрмыстық техника алуға қаражат берілетінін айтты.

«Зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу тәртібіне түзетулер бекітілді. Кеше мен тиісті қаулыға қой қойдым. Қазіргі уақытта 11 мыңға жуық отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем алды. Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана. Оған қосымша тағы 150 айлық есептік көрсеткішке дейін төлейтін боламыз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады», - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, ол кәсіпкерлердің шығыны өтелетінін айтты.

«Азаматтарға айтатыным, сабыр сақтаңыздар. Ешкім де көмексіз қалмайды Бұл мәселелердің барлығы Президенттің және менің жеке бақылауымда. Сондықтан біз осы сынақтан абыроймен өтеміз деп білемін», - деді Премьер-министр.

Фото: ашық дереккөз

1062 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз