Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Рухани жаңғыру
  • 04 Қыркүйек, 2020

Республикалық мүшәйра жарияланды

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2020 жылдың қазан айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Алтын Орданың 750 жылдығына орай қазақ поэзиясының алыбы Қасым Аманжолов атындағы «Дүниеге келер әлі талай Қасым» республикалық мүшәйрасын өткізеді, - деп хабарлайды Ruh.kz порталы.

 - мүшәйраға 18-40 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады;
 - қамтылатын тақырыптарына қарай дауылпаз ақын Қасым Аманжоловқа, Абай Құнанбайұлына немесе Алтын Орда тақырыбына арнау және еркін тақырыпта – барлығы 3 өлең ұсынылуы міндетті; 

- шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында жіберілуі қажет; 
- жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған және талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайды. 

 Барлық келіп түскен шығармаларды байқаудың қазылар алқасы қарап, талдау жасайды және іріктейді. Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:

- ұсынылған шығармалар тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне;

- шығарманың идеялық мазмұнына;

- туындының көркемдік сапасына;

- автордың сөз саптау мәнері, стильдік ерекшелігіне баса назар аударылады.

Мүшәйраның жеңімпазы мен жүлдегерлері дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Мүшәйраға  қатысу үшін үміткердің тапсырыстары (аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары, жеке куәлігінің электронды көшірмесі) және шығармалары 2020 жылғы 18 қыркүйекке дейін mushayra.kasym@mail.ru электронды мекенжайы бойынша қабылданады. 

Анықтама телефондары: 8 (7212) 56-74-76, 8-778-355-21-80.

169 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Рухани һәм тілдік жаңғыру
Келесі мақала «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Абай оқулары» онлайн байқауы өтті

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *