Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Сәуір, 2024

Жамбыл облысында бір ауылды су басты

Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Тараз қаласының маңында орналасқан Жамбыл ауданына қарасты Жасөркен ауылын су басты. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

15 сәуірінде сағат 20:35-те Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында қатты жауын-шашынның салдарынан Жасөркен көшесіндегі 7 ауланы (№54,52,50,48,49,51,53) және М. Әуезов орта мектебінің аумағын су басқандығы туралы ақпарат келіп түсті.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жергілікті атқарушы органдар, ТЖД-нен 51 адам, 4 бірлік техника (2 тиегіш, 2 экскаватор), 10 бірлік техника және 6 мотопомпа жұмыс істеуде.

Жасөркен ауылында 310 тұрғын үй бар, 2209 адам тұрады.

Сондай-ақ, Жамбыл облысының барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын, толып кету қаупі жоқ екенін хабарлаймыз. Интернет желісінде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданындағы Жасөркен ауылының аумағын және оған іргелес аумақтарды тексерді.

Қазіргі уақытта су деңгейі 40 см-ден 10 см-ге төмендеді. Суды айдау үшін елді мекеннің су басқан үйлерінің аумағында мотопомпалар жұмыс істеуде.

Тау бөлігіндегі көлбеу ағынды кері қайтару мақсатында 60-қа жуық техника жұмылдырылған.

Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету ұйымдастырылды.

М. Әуезов атындағы орта мектептің оқушылары уақытша онлайн білім алатын болады.

Фото: gov.kz

1377 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз