Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Қыркүйек, 2020

Елімізде бірінші курста 3 студент оқитын университет бар

Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары - басқарма мүшесі Олжас Ордабаев мемлекет қолдауына ие болмаған жоғары оқу орындарын атады.

Ордабаев бағалау жүргізілген бірнеше шартты атады.

"Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде күндізгі бөлімде 1528 адам оқиды. Бұл ретте бірінші курста - үш студент, екінші курста - алты, үшінші курста - бес, төртінші курста - 1513 адам бар. Бұл қалай болуы мүмкін? Осы жоғары оқу орны еліміздегі барлық заңгер түлектің 13 пайызына (699 адам) диплом береді. Салыстыру үшін, ҚАЗМЗУ-да 2018 жылы "Құқықтану" мамандығын 185 түлек тәмамдаған.

Орталық Азия университетінде экономист түлектердің 30 пайыздан азы ғана жұмыс табады. Білім беру бағдарламаларының өзектілігі 10 пайыздан төмен.

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетте "Информатика" мамандығы түлектерінің 29 пайызы ғана жұмыс табады. Тағы төрт мамандық бойынша жұмысқа орналасу көрсеткіші 50 пайызға жетпейді. Мұндай мысалдар көп, әрі қарай жалғастырмаймын", - деді ол.

Биыл мемлекеттен грант ала алмаған жоғары оқу орындарының тізімі:

  1. "Астана" университеті
    2. Қазақстан теңіз университеті (қазіргі Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті)
    3. Академик Әбдімүс Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті
    4. Мардан Сапарбаев институты
    5. Silk way халықаралық университеті
    6. "Сырдария" университеті
    7. Абай Мырзахметов атындағы көкшетау университеті
    8. Атырау инженерлік-гуманитарлық институты
    9. Еуразия технологиялық университеті
    10. Каспий қоғамдық университеті
    11. "Қайнар" академиясы
    12. Инновациялық Еуразия университеті
    13. Еуразия гуманитарлық институты
    14. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы
    15. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясы
    16. Орталық Азия университеті
    17. Орталық Қазақстан академиясы
    18. Қазақ технология және бизнес университеті
    19. Bolashaq академиясы
    20. Қазақстан инновациялық академиясы
    21. Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті
    22. Академик Қаныш Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты
    23. Дінмұхамед Қонаев атындағы еуразиялық заң академиясы
    24. Қызылорда "Болашақ" университеті"
    25. Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті
    26. Шет тілдер және іскерлік мансап университеті
    27. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті
    28. Гуманитарлық-техникалық академия
    29. Алматы экономика және статистика академиясы
    30. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
    31. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
    32. "Алматы" университеті
    33. Қазақстан медициналық үздіксіз білім беру университеті
    34. Қазақ-орыс халықаралық университеті
    35. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті
    36. Академик Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті

688 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз