Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Infotainment
  • 27 Қараша, 2020

Junior Eurovision байқауында Қарақат Башановаға қалай дауыс беруге болады?

9 қараша күні онлайн форматта Junior Eurovision танымал музыкалық байқауы өтеді. Байқауға Қазақстанның атынан Қарақат Башанова қатысады. Ағымдағы күздің ең жарқын оқиғасын «Хабар» телеарнасы сағат 22.00-де тікелей эфирде көрсетеді.

   Алдағы халықаралық байқаудың финалына арналған баспасөз отырысында «Хабар» Агенттігінің Басқарма Төрағасы Ерлан Бекхожин:

  «Биыл біз 11 елдің қатысушыларымен бәйгеге түскелі отырмыз. Олардың арасында 3 рет жеңгендер де бар. Мысалы, Грузия. Ал, Мальта, Беларусь, Ресей, Польша сияқты елдер 2 рет жеңімпаз атанып үлгерген. Биылғы жыл - біздің жеңісті жылымыз болуы керек деп ойлаймын. Қарақаттың жеңіске жетуі үшін барлық мүмкіндігі бар», - деді. Брифингке «Хабар» Агенттігінің басшылығымен қатар, Қарақат Башанова және музыкалық сайыста айтылатын әнді жазған белгілі сазгер Хамит Шанғалиевтің қатысты.

  Junior Eurovision байқауының ашылу салтанаты барысында өткен жылы жеңімпаз атанған поляк әншісі Вики Габор қай елдердің бірінші және соңғы болып өнер көрсететінін анықтады. Нәтижесінде, Қарақат «Forever» әнін екінші болып, яғни, Германиялық қатысушының қойылымынан кейін орындайтыны белгілі болды. Барлығы виртуалды сахнада 12 қатысушы бақ сынайтын болады.

   Жарыстың ережесі бойынша, жеңімпаз әділ қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беруі және 2 кезеңде өтетін онлайн-дауыс беру арқылы анықталады.

   Қазақстандықтар Қарақатқа ғана емес, сондай-ақ басқа елдердің қатысушыларына да дауыс берудің бірегей мүмкіндігіне ие. Көрермендердің дауыс беруі junioreurovision.tv сайтында өтеді. Дауыс беру 28-ші қарашадан 29-шы қараша аралығында конкурстың финалы басталғанға дейін жалғасады. Финал аяқталғаннан кейін, көрермендердің өздерінің сүйікті әншілері үшін дауыс беруі үшін тағы 15 минут уақыт беріледі.

https://www.youtube.com/watch?v=0zUmyTOOvb0

Дауыс беру және байқау туралы толығырақ ақпаратты сілтеме бойынша білуге болады:

https://jevision.khabar.kz/kz/  

 

251 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз