Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Ақпан, 2021

247 жолаушы анықтамасыз келген

2021 жылғы 3 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 9 халықаралық әуе рейсі келді. 1 143 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 896 адам, анықтамасыз 247 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 622 жолаушы, анықтамамен – 586, анықтамасыз – 36; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 517 жолаушы, анықтамамен – 306; анықтамасыз – 211; Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 4 жолаушы анықтамамен келген. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2021 жылдың 2 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет Анықтамасыз келген барлық 191 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті

 

502 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз